«Жаңатірлік ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің
«Жаңатірлік» жалпы білім біретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
«Жаңатірлік» жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1935 жылы Жоғары Тұрбат ауылында «Жаңатірлік» бастауыш мектебі (мұғалім Ергешов) , «Ақпарақ» ауылдық кеңесінде «Өндіріс» бастауыш мектебі ашылды. 1951 жылы «Өндіріс» бастауыш мектебінің меңгерушісі Сәлімбеков Жолдас болатын.
1957 жылы Тұрбат ауылдық кеңесінің «Жаңатірлік» бастауыш мектебінде екі мұғалім, «Өндіріс» бастауыш мектебінде 3 мұғалім қызмет істеді. (Жүнісов П., Нармұханбетова Т.) . 1961 жылы Тұрбат ауылдық кеңесінің «Өндіріс» елді мекенінде «Өндіріс» және «Жаңатірлік» бастауыш мектебі ұйымдастырылады. Меңгерушісі болып Рахымжанов Құдайберді тағайындалады.
Әлішер Науайы колхозының партия ұйымының хатшысы Жолдыбаев Лес пен ауылдың құрметті азаматы Зайыров Әбдіжаппардың халықты ұйымдастыруымен 1970 жылы асар жолымен мектеп үйі салынып, «Жаңатірлік» орталау мектебі ашылады. Мектептің директоры қызметін атқарғандар: 1970-1979 ж.ж. Сарыбеков Жолдасбек, 1979-1992ж.ж. Тұрсынқұлов Алтынбек, 1992-1995 ж.ж. Төреқұлов Кеңес, 1995-2003ж.ж. Тасболатов Мамбетәлі, 2003-2010 ж.ж. Ботаев Әділбек , 2010-2012 ж.ж. Құланов Әкімжан, 2012-2018 ж.ж. Расулов Әбдімүтәлі , 2018-2023ж Сманов Арыстан. 2024 жылдан бастап Аманқұлов Нұрлан .
2001 жыыл мектептің ілгеріде басталып, тоқтап қалған құрылысы қолға алынып, жұртшылықтың көмегімен аяқталды. Аудан әкімі Бектаев Әлидің бастамасы және көмегі нәтижеге жеткізді. 2002 жылы «Жаңатірлік орта мектебі статусын алды. Қазір мектепте 29 сынып комплектісі, 602 оқушы бар. Оқушыларға білім, тәрбие беру ісімен 75 мұғалім айналысады.
Қазығұрт ауданының білім бөлімінің
