Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Жаңатірлік ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің

МЕНЮ
⛔НАШАҚОРЛЫҚ -БҮКІЛ ҚОҒАМНЫҢ ҚАСІРЕТІ
🔴 «Жаңатірлік» жалпы білім беретін мектеп" КММ де мектеп әкімшілігі 8-11 сынып оқушыларына кәмелетке толмағандар арасында электронды темекі өнімдерін пайдалану, түнгі уақытта жүруі, спирттік ішімдіктерді ішуі, кибербуллинг және буллингтің алдын алу бойынша профиликтикалық жұмыстар жүргізді.
🔴Нашақорлық – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Ол дерттен сақ болайық!
"ЗОРЛЫҚ— ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ОТБАСЫ"
Бүгінгі таңда, отбасындағы зорлық - зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан, түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Осыған орай, мектебімізде 11 сынып оқушыларына " Зорлық - зомбылықсыз отбасы". Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі" кеңейтілген тақырыпта баяндама оқып, презентация жасап, слайд көрсетіп өтті.
Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғау туралы үйрету.
Зорлық - зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру, ұғындыру.
Балаларға зорлық зомбылықсыз қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу бұл - тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар, жекеленген әрбір адамның міндеті екенін, естен шығармауымыз керек.
 
 
 

📘«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді .

📘ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ «ЖАҢАТІРЛІК» ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП КОМУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Қамбарова мен педагог-психолог Э. Абдурасилова ұйымдастыруымен, , 8-11 сынып қыздарының қатысуымен

📘Қазақстан Республикасындағы адамгершілік жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама аясында «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы талапқа сай өткізілді.Адамгершілік-жыныстық тәрбие жұмысына, Тұрбат ауыл емхананың акушер-гинеколог мамандары Ш.Алтенова педагог - психологы Ж.Қалдыбекова қатысты .
Тұрбат ауылдық емхананың Шынар Алтенова акушер-гинеколог маманы сөз алып, «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 8-11 сынып қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық , гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті.
Тұрбат ауылы педагог-психологі Ж.Қалдыбекова сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді . Көптеген отбасында әңгіме қозғалмай , жабық күйде қалады . Бірақ , бұл - дұрыс еместігін айтып өтті.
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты .

Жаңатірлік» жалпы білім беретін мектебінде "Ұлттық тәрбие - ұлттық рухның негізі і" тақырыпта 9 сынып
оқушылармен дөңгелек үстел өтті.Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды құрметтеу, сақтау. және насихаттау арқылы рухани - адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.

© 2025 «Жаңатірлік ЖОББМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің