«Жаңатірлік ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің
📘«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді .
📘ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ «ЖАҢАТІРЛІК» ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП КОМУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Қамбарова мен педагог-психолог Э. Абдурасилова ұйымдастыруымен, , 8-11 сынып қыздарының қатысуымен
📘Қазақстан Республикасындағы адамгершілік жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама аясында «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы талапқа сай өткізілді.Адамгершілік-жыныстық тәрбие жұмысына, Тұрбат ауыл емхананың акушер-гинеколог мамандары Ш.Алтенова педагог - психологы Ж.Қалдыбекова қатысты .
Тұрбат ауылдық емхананың Шынар Алтенова акушер-гинеколог маманы сөз алып, «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 8-11 сынып қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық , гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті.
Тұрбат ауылы педагог-психологі Ж.Қалдыбекова сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді . Көптеген отбасында әңгіме қозғалмай , жабық күйде қалады . Бірақ , бұл - дұрыс еместігін айтып өтті.
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты .
Жаңатірлік» жалпы білім беретін мектебінде "Ұлттық тәрбие - ұлттық рухның негізі і" тақырыпта 9 сынып
оқушылармен дөңгелек үстел өтті.Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды құрметтеу, сақтау. және насихаттау арқылы рухани - адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.
Қазығұрт ауданының білім бөлімінің




